БОС ЖҰМЫС ОРНЫ
Байзақ ауданының білім бөлімінің Мәдімар ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінде уақытша бос тұрған бастауыш сынып мұғалімі лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру
Мәдімар ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінде уақытша бос тұрған бастауыш сынып мұғалімі лауазымына (1 бірлік) конкурс жариялайды.
Орналасқан жері: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Мәдімар ауылы, Наржанов көшесі-1. Пошталық индексі: 080119
Телефон (872637) 5-14-20
Электрондық почтасы: Baizak.ualihanov@yandex.kz
2023-2024 оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау ағымдағы жылдың 16 тамыз –24 тамыз аралығында өтеді.
Конкурс Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы «22» желтоқсандағы № 513 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» және мектебіміздің сайттарында жарияланады.
Конкурс төмендегідей уақытша бос орынға жүргізіледі:
Бастауыш сынып мұғалімі – 17 сағат
Конкурс өткізілетін орын: Мұғалімдер бөлмесі
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Мәдімар ауылы, Наржанов көшесі-1. Пошталық индексі: 080119
Телефон (872637) 5-14-20
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау кезінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш (өтініш үлгісі 10-қосымшаға сәйкес )
- Жеке куәлік
- Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парақ,
- Білімі туралы диплом көшірмесі,
- Еңбек кітапшасы (бар болса)
- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ДСМ-175/2020 бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологияық ұйымнан анықтама,
- Наркологиялық ұйымнан анықтама
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
- 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттың толтырылған Бағалау парағы
11) конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, ғылыми дәреже, атақтар бері, әдістемелік жарияланымдар ұсына алады.
Конкурс Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы «22» желтоқсандағы № 513 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген талаптарына сәйкес жүргізіледі
Конкурс 2023 жылдың 24 тамыз күні Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінде сағат 11:00 өтеді.